Шетел азаматтарын магистратура бағдарламасына қабылдау

Шетел азаматтарын магистратураға қабылдау ақылы негізде қабылдау комиссиясының тестілеу емтиханы нәтижесімен қабылданады. Тестілеу емтиханы қабылдау комиссиясының төрағасы бекіткен емтихан бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады.

Шетел азаматтарын қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезеңнің басталуына 10 (он) күн қалғанға дейін жүзеге асырылады.

Магистратура бағдарламасына түсуші шетелдік азаматтар төменде көрсетілген құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырады:

1) университет басшысының атына еркін түрде өтінішті;

2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);

3) паспорт көшірмесі;

4) 3×4 сантиметр өлшемдегі алты фотосурет;

5) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген электрондық форматта 075/е нысаны бойынша медициналық анықтама;

6) шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат (бар болған жағдайда):

7) еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек стажы бар адамдар үшін);

8) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда).