Шетелдік азаматтарды докторантура бағдарламасына қабылдау

Шетелдік азаматтар докторантура бағдарламасына ақылы негізде магистр дәрежесі және кемінде 9 ай жұмыс өтілі бар немесе медициналық мамандықтар бойынша резидентурада оқуын аяқтаған шетелдік азаматтар қабылданады.

Шетелдік азаматтарды докторантураға қабылдау білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтихандарының нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.

Түсу емтиханы эссе жазудан, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша жазбаша емтиханнан және сұхбаттасудан тұрады.

Түсу емтиханы үшін ең жоғары балл – 100 балл. Түсу емтиханыңың қорытындысы бойынша 75 балл жинаған шетелдік азаматтар оқуға қабылданады. Түсу емтиханы қабылдау комиссиясының төрағасы бекіткен емтихан бағдарламаларына сәйкес қабылданады.

Докторантураға түсуші шетелдік азаматтар мынадай құжаттар топтамасын тапсырады:

  1. университет басшысының атына еркін түрде өтінішті;
  2. білім туралы құжат (түпнұсқа);
  3. жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
  4. шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат (ағылшын, француз, неміс)

ағылшын тілі: IELTS  Academic (АЙЛТС), шекті балл – кемінде 5,5;

TOEFL IBT (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл – кемінде 46;

TOEFL PBT (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер бэйсед тэстинг)) шекті балл – кемінде 453;

неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган) (DSH, Niveau В2/В2 деңгейі), TestDaF-Prufung (тестдаф-прюфун) (Niveau В2/В2 деңгейі);

француз тілі: Test de Franзais International™ – Тест де франсэ Интернасиональ (TFI (ТФИ) – оқу және тыңдалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d’Etudes en Langue franзaise – Диплом дэтюд ан Ланг франсэз (DELF (ДЭЛФ), B2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue franзaise – Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз (DALF (ДАЛФ), C1 деңгейі), Test de connaissance du franзais – Тест де коннэссанс дю франсэ (TCF (ТСФ) – кемінде 50 балл).

  • №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген электрондық форматта 075/е нысаны бойынша медициналық анықтама;
  • 3×4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;
  • жұмыс орны бойынша кадр қызметімен расталған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжат;
  • соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми жарияланымдар, зерттеу жүргізу жоспары.

Шет тіліндегі құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасымен бірге беріледі.

Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар адамдар оқуға қабылданғаннан кейін оқудың 1 (бірінші) академиялық кезеңі ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нострификациялау рәсімінен өтеді.