Докторантураға тапсыру үшін қажетті құжаттар тізімдемесі:

1.)университет басшысының атына еркін түрде өтініші;

2.)білім туралы құжат (түпнұсқа);

3.)жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

4.)ҰТО берген мемлекеттік тілде тапсырған емтихан сертификаты (КАЗТЕСТ);

5.)шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат (ағылшын, француз, неміс)

ағылшын тілі: IELTS (АЙЛТС), шекті балл – кемінде 5,5;

TOEFL ITP (ТОЙФЛ АйТиПи), шекті балл – кемінде 460;

TOEFL IBT (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл – кемінде 46;

TOEFL PBT (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер бэйсед тэстинг)) шекті балл – кемінде 453;

неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган) (DSH, Niveau В2/В2 деңгейі), TestDaF-Prufung (тестдаф-прюфун) (Niveau В2/В2 деңгейі);

француз тілі: Test de Franзais International™ – Тест де франсэ Интернасиональ (TFI (ТФИ) – оқу және тыңдалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d’Etudes en Langue franзaise – Диплом дэтюд ан Ланг франсэз (DELF (ДЭЛФ), B2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue franзaise – Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз (DALF (ДАЛФ), C1 деңгейі), Test de connaissance du franзais – Тест де коннэссанс дю франсэ (TCF (ТСФ) – кемінде 50 балл).

6.)№ ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген электрондық форматта 075/е нысаны бойынша медициналық анықтама;

7.)3×4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;

8.) жұмыс орны бойынша кадр қызметімен расталған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжат;

9.) соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (ғылыми жарияланымдар, зерттеулер жүргізу жоспары, эссе және басқа құжаттар);

10.) алдын ала іріктеу нәтижелері (Денсаулық сақтау саласы бойынша).