Шетел азаматтарын резидентура бағдарламасына қабылдау ережесідік азаматтар үшін

 

Шетелдік азаматтарды ақылы негізде білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау күнтізбелік жыл ішінде білім беру ұйымының қабылдау комиссиялары өткізетін түсу емтиханы нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Резидентураға түсу емтиханы үшін ең жоғары балл – 100 балл.

Резидентураға түсу емтиханы үшін ең жоғары балл – 100 балл. Түсу емтиханының 100 балы интернатурада оқу кезеңі үшін GPA балының 40%-ы, тестілеу емтиханының 60%-ын құрайды.

Тестілеу емтиханы алдыңғы білім беру бағдарламасының көлемінде өткізіледі.

Тест ҚР МСЕ-2019 бойынша интернатураның үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес «Жалпы дәрігерлік практика» мамандығы бойынша оқу материалын қамтиды.

Тест сұрақтарының саны – 100. Тестілеуді тапсыру уақыты 150 минутты құрайды.

Шетел азаматтарын қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезеңнің басталуына 10 (он) күн қалғанға дейін жүзеге асырылады.

7.14. Резидентура бағдарламасына түсуші шетелдік азаматтар төменде көрсетілген құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырады:

1) университет басшысының атына еркін түрде өтінішті;

2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);

3) интернатураны бітіргені туралы куәліктің көшірмесі;

4) паспорт көшірмесі;

5) 3×4 сантиметр өлшемдегі алты фотосурет;

6) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген электрондық форматта 075/е нысаны бойынша медициналық анықтама;

7) шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат (бар болған жағдайда):

8) еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек стажы бар адамдар үшін);

9) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда).