ХҚТУ-ға магистранттарды қабылдау ережесінен үзінді және магистранттарға берілетін мүмкіндіктер

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-ға магистратура бағдарламасы бойынша қабылдау ережесінен үзінді

Магистратура бағдарламасы бойынша оқу түсу Кешенді тест тапсыру арқылы жүзеге асырылады.

Кешенді тестке (КТ) құжат қабылдау 1 маусым мен 15 шілде аралығында онлайн түрде https:/app.testcenter.kz сілтемесі арқылы қабылданады.

Кешенді тест 20 шілде – 10 тамыз аралығы.

25-28 тамызы аралығында университеттің қабылдау комиссиясы немесе www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы мемлекеттік білім гранты конкурсына құжат қабылданады.

Мемлекеттік грант конкурсына қатысу үшін КТ нәтижесі бойынша ғылыми-педагогикалықжәне бейіндік магистратура бойынша шекті балл – 75, оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратура – 50 балл.

Ақылы түрде қабылдау үшін КТ нәтижесі бойынша ғылыми-педагогикалықжәне бейіндік магистратура бойынша шекті балл – 75