Конкурс кезінде ең маңызды — талапкердің жинаған ұпайы.
Алдымен грант сол мамандықты таңдаған ұпайы ең жоғары түлектерге береді. Одан кейін ғана (жалпы грант аяқталған соң) түрлі квоталарды қарастырады.
Грант конкурс кезінде берілетін квоталар:
- Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін квота — 1 %
- Жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін квота — 0,5 %
- I, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтар үшін квота — 1 %
- Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға квота — 4 %
- Кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін квота — 5%
- Кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардағы балалар үшін квота — 1%
- Бала кезінен мүгедек балаларды, І, ІІ топтағы мүгедектерді тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін
- квота — 1%.
- Биыл әлеуметтік осал отбасыдан шыққан балалар үшін жалпы квота мөлшері 15%-ға дейін көбейеді.