Докторантураға арналған Түркия Республикасының білім беру гранттары

Магистратура, резидентура және докторантура білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін КТ немесе түсу емтиханын тапсырып, шекті балл алған үміткерлер Түркия квотасы конкурсына қатыса алады. Магистратура, резидентура және докторантура білім беру бағдарламаларына бөлінетін контингентті университеттің қабылдау комиссиясы белгілейді.