Жиі қойылатын сұрақтар

Жиі қойылатын сұрақтар

Медициналық білім беру бағыты бойынша сырттай оқуға болмайды.

2019 жылдан бастап университеттерде сырттай оқу бөліміне талапкерлерді қабылдау тоқтатылды. Егер сізде арнаулы орта білім (колледж) немесе жоғары білім (ЖОО) алғаныңызды растайтын диплом бар болса, онда қашықтықтан білім беру жүйесі арқылы білім алуыңызға болады.

Егер ақылы негізде білім алғыңыз келсе, университетпен шартқа отырасыз. Ол шартта оқу ақысын қай мерзімде төлеу керектігі көрсетіледі. Қазіргі таңда оқу ақысын 25%-дан төртке бөліп төлеуге болады.

Мемлекетаралық келісімдер негізінде құрылған халықаралық ЖОО-ларға білім беру гранты негізінде бөлінген квотамен шетел азаматтарын оқуға қабылдау тәртібі бойынша шетел студенттерін оқуға қабылдауды ЖОО дербес түрде жүзеге асырады.

Шетел азаматтарын ақылы негізде ЖОО-ға қабылдау ЖОО-ның қабылдау комиссиялары өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша күнтізбелік жыл ішінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік білім грантына түсуге ниет білдірсеңіз ҰБТ тапсырасыз. Өз мамандығыңызды университетте жалғастыратын болсаңыз, екі пәннен тест тапсырасыз. Шекті балл 25 және әр пәннен 5 балдан кем болмауы керек.

Мевлана, Орхун бағдарламасы бойынша шетелдік жоғары оқу орындарына 1 немесе екі семестрге барып, білім алуыңызға болады. Ол үшін ағылшын немесе түрік тілін меңгеруіңіз қажет.

Университетте сабақ 4 тілде: қазақ, орыс, түрік және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.