Виза тарифтері

  1. Емтиханнан өткен шетелдік талапкерлерге оқуға қабылдау бұйрығы шығады.
  2. Оқуға қабылданған визалық мемлекеттерден келетін шетелдік талапкерлердің құжаттары Визалық қолдау жасау үшін Көші-қон қызмет басқармасына тапсырылады.
  3. Шетелдік білімгелер Қазақстан территориясына өткеннен кейін 3 (үш) күн жұмыс күні ішінде Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы №29 ХҚТУ Ректорат 402, 412 кабинет келіп құжаттарын тапсырады.
  4. Шетелдік білімгер 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Көші-қон қызмет басқармасынан келген хабарлама жауабын алады.
  5. Шетел азаматтары қысқы немесе жазғы демалыс уақытында елдеріне барып келуге құқылы, семестр басталғаннан аяқталғанға дейін сабақ уақытында себепті жағдайға байланысты факультет деканының рұқсатымен және ата-анасының бірінің қол хатымен жол қауіпсіздік мәселелерін өз жауапкершілігіне  ала отырып Қазақстан Территориясынан шығып, кіруге  құқылы
  6. Шетелдік білімгерлер университет жатақханаларына орналасуға міндетті. Университеттің ішкі тәртіп регламенті мен ережелерінің талаптарына сәйкес факультет декандарының келісімімен барлық жауапкершілікті өздеріне ала отырып  университет басшылығының рұқсатымен ата-анасының бірінің қолхатының негізінде жеке пәтерлерде тұру құқықтары беріледі. Өтініште жеке пәтерде  тұру құқықтары мен жауапкершіліктерін өздеріне жүктеле отырып үш жұмыс күні ішінде Түркістан облыстық көші-қон қызмет басқармасына тұрғылықты мекен-жайы жөнінде басшылық тарапынан ресми хат жіберіліп, заңдастырылып қолдарына хабарлама хаттың көшірмесі беріледі.  «Визамен қамтамасыз ету» бөлімі, ректорат 402, 412 кабинет 
  7. Шетел азаматтарының құжаттары І-ші семестр ішінде ҚР БжҒМ-нің «Болон процесі және академиялық ұтқырлық» орталығынан нострификациялаудан немесе танудан өтуі тиіс. Білімгер құжаттарын (аттестат/диплом қосымшаларымен, апостил/мұрағаттық анықтама, легализация, паспорт, мелекеттік төлем түбіртегі) «Халыққа қызмет көрсету» орталығына барлық жауапкершілікті өзі ала отырып тапсыра алады немесе «Визамен қамтамасыз ету» бөлімінің басшысына өтініш білдіру арқылы сенім хат негізінде барлық жауапкершілікті жүктей отырып екінші тұлғаға тапсыра алады.

Ескерту: Шетелдік талапкерлер қажетті барлық құжаттарын заң талаптарына сәйкес Қазақстан Ресбуликасының нотариусында расталуы қажет.

Визалық мемлекеттер үшін:

Түркия, Түркіменстан, Ауғанстан, Моңғолия, ҚХР, Сирия, Албания, Венгрия, Молдова, Босня және Герцаговина мемлекеттері үшін көші-қон қызмет басқармасынан оқу мақсатындағы виза мерзімін ұзарту  виза мерзімі бітетіннен 30 күн бұрын жүзеге асырылады

1. 30 МРП мемлекеттік  төлем квитанциясы

2. Оқитыны туралы анықтама

3. Паспортының түпнұсқасы

4.Сауалнама хат толтыру

А) Тапсырушы: шетелдік білімгерлердің өзі

В) Қабылдаушы: ХҚТУ «Визамен қамтамасыз ету» бөлімі, Ректорат 402, 412 кабинет

Тапсырылған уақыттан     15 (он бес) күннен кейін дайын болады. Басқа ЖОО-нан алынған визалары университетімізге қабылданған шетел азаматтары үшін жарамсыз. .болып

 

Визалық мемлекеттер үшін:

Түркия, Түркіменстан, Ауғанстан, Моңғолия, ҚХР, Сирия, Албания, Венгрия, Молдова, Босня және Герцаговина мемлекеттері үшін Көші-қон қызмет басқармасынан оқу мақсатында берілген виза қысқартылып немесе жойылып шығу визасы беріледі.   15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады

1.      0,5 МРП мемлекеттік төлем квитанциясы

2.      Білімгер оқуын бітірген жағдайда

3.      Оқудан шыққан жағдайда

4.      Төлқұжатын  жоғалтып жаңа төлқұжат  алған жағдайда

А)Тапсырушы: білімгердің өзі

В) Қабылдаушы: ХҚТУ «Визамен қамтамасыз ету» бөлімі, Ректорат 402, 412 кабинет

 

Визасыз мемеклеттер үшін:

Өзбекстан (Қарақалпақстан), Қырғызстан, Әзірбайжан, Тәжікстан,  Ресей Федерациясы Көші-қон қызмет басқармасына хабарлама беру үшін:

1.      Төлқұжат көшірмесі

2.      Шекарадан тіркеу  өткендігі туралы мөр басылған бетінің көшірмесі

3.      Төлқұжат көшірмесі

4.      Сауалнама хат толтыру

 

Визасыз мемеклеттер үшін тіркеу мерзімі әр оқу жылының 01 қыркүйегінен бастап                              01 тамызына дейін беріледі.  Оқудан шыққан жағдайда тіркеу мерзімі қысқартылып еліне қайтарылады. Жауапты: ХҚТУ «Визамен қамтамасыз ету» бөлімі Ректорат 402, 412 кабинет