Қабылдау ережесі

Шетелдік азаматтарға сұхбаттасу және тестілеу емтихандарын өткізу тәртібі

 Шетел азаматтарын ақылы негізде университеттің  қабылдау комиссиясы өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша қабылданады.

Шетелдік азаматтарды ақылы негізде қабылдау контингентінен асқан жағдайда ЖЖОҚБҰ-на қабылдау сұхбаттау және тест емтихандарының нәтижесі бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Шетелдік азаматтарға сұхбаттасуды өткізу үшін білім беру бағдарламалары бойынша құрылған емтихан комиссияларының мүшелері жұмылдырылады. Сұхбаттасу комиссиясы құрамын, қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді.

Сұхбаттасу және тестілеу емтиханын өткізу кестесі қабылдау комиссиясының жауапты хатшысымен анықталады және қабылдау комиссиясынын төрағасымен бекітіледі.

Сұхбаттасу барысында талапкердің білімін, таңдап отырған мамандығына қызыгушылығын нақтылау үшін оған кез келген мотивациялық және әмбебап сұрақтар қойылуы мүмкін және нәтижесінде «жеткілікті» немес «жеткіліксіз» деп бағаланады. «Жеткілікті» деп бағаланған талапкер әрі қарай тест тапсыруға жіберіледі.

Сұхбаттасу нәтижесі бекітілген нысан бойынша хаттамамен рәсімделеді және сұхбаттасу хаттамасына қабылдаушылардың қолдары қойылады.

Сұхбаттасу және тестілеу емтиханы өткізілетін аудиторияға талапкер оның паспорт немесе жеке басын куәландыратын құжатты және техникалық хатшымен кұжаттарды кабылдағаны туралы колхатты ұсыну негізінде кіргізіледі.

Тестілеу емтиханының сұрақтарының жалпы саны 50, оның 20-сұрағы, қазақ немесе орыс тілдерінен болса, 30 сұрақ білім беру бағдарламасының профильдік пәнінен тұрады.

Тестілеу нәтижесін бағалау 100 (жүз) балдык жүйемен койылады. Әрбір дұрыс жауап 2 балмен бағаланады. Тест нәтижесі бойынша өту балы білім беру бағдарламасы бойынша қабылдау комиссиясы бекіткен контингентке сай анықталады.Тестілеу нәтижесі тізімдемесіне койылып емтихан кабылдаушылардын колдары койылады.

Тестілеу емтиханы барысында талапкерлерге: кандай да бір анықтамалык материалдарды пайдалануға (оқулықтарды, әдістемелік оқу-кұралдарын, анықтамалықтарды); шпаргалка; ұялы байланыс құралдарын колдануға рұксат етілмейді. Аталған ережелер талапкерге сұхбаттасу және тестілеу емтиханын өткізу алдында түсіндіріледі.

Талапкер тестілеу емтиханы ережелерін бұзған жағдайда емтихан кабылдаушы мен комиссия мүшелері талапкерді тест емтиханынан шығару актісін жасап, нәтижесін 0-ге теңестіріп, талапкерді емтиханнан шығарады.

Сұхбаттасу және тестілеу нәтижесі бойынша конкурстық негізде оқуға қабылданған шет елдік талапкерге, электронды пошта арқылы оқуға қабылданғаны туралы хат жолданады.

Сұхбаттасу және тест емтихандары аяқталғаннан кейін сұхбаттасу хаттамалары мен тест нәтижелері бойынша тізімдемелер қабылдау комиссясының жауапты хатшысына тапсырылады.

Сұхбаттасу хаттамасы мен тестілеу нәтижесінің тізімдемесінен көшірме университетке окуға түскен талапкерлердің жеке құжатында сақталады, ал окуға түспеген талапкерлердін хаттамалары мен тестілеу тізімдемесі окуға түсу емтихандары аяқталғаннан кейін бір жылдан кейін жойылады.