Докторантураға тапсыру үшін қажетті құжаттар

Докторантураға түсуші тұлғалар күнтізбелік жылдың 22 мен 28 тамызы аралығында көрсетілетін қызметті берушіге (ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясы арқылы) немесе портал арқылы көрсетілген құжаттар топтамасын тапсырады.

Докторантураға түсуші тұлғалар мынадай құжаттар топтамасын тапсырады:

университетке өтініш жасаған кезде:

  • ЖЖОКБҰ басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
  • білім туралы құжат (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде түпнұсқасы);
  • жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
  • шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат (ағылшын, француз, неміс)

ағылшын тілі: International English Language Tests System (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем (IELTS (АЙЛТС), шекті балл – кемінде 5,5;

IELTS INDICATOR (АЙТЛС Индикатор), шекті балл – кемінде 5,5;

Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг программ) (TOEFL ITP (ТОЙФЛ АйТиПи), шекті балл – кемінде 460;

Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм) Internet-based Test (Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл – кемінде 46);

Test of English as a Foreign Language Paper-based testing (TOEFL PBT (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер бэйсед тэстинг)) шекті балл – кемінде 453;

Duolingo English Test (Дуолинго Инглиш Тест), шекті балл – кемінде 85;

CEFR (Common European Framework of Reference – СиИэФаР (Коммон Юуропиан Фреймуорк Ов Рефэрэнс), шекті балл – В2,

неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган) (DSH, Niveau В2/В2 деңгейі), TestDaF-Prufung (тестдаф-прюфун) (Niveau В2/В2 деңгейі);

француз тілі: Test de Franзais International™ – Тест де франсэ Интернасиональ (TFI (ТФИ) – оқу және тыңдалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d’Etudes en Langue franзaise – Диплом дэтюд ан Ланг франсэз (DELF (ДЭЛФ), B2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue franзaise – Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз (DALF (ДАЛФ), C1 деңгейі), Test de connaissance du franзais – Тест де коннэссанс дю франсэ (TCF (ТСФ) – кемінде 50 балл).

  • № 907 бұйрығымен бекітілген 086-У нысанындағы электрондық форматта медициналық анықтама;
  • 3×4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;
  • жұмыс орны бойынша кадр қызметімен расталған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжат;
  • соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (ғылыми жарияланымдар, зерттеулер жүргізу жоспары, эссе және басқа құжаттар);
  • алдын ала іріктеу нәтижелері («Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім саласы бойынша).

Көрсетілген құжаттар көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

Осы тармақта көрсетілген құжаттар тізбесін толық ұсынбаған жағдайда қабылдау комиссиясы түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.

портал арқылы өтініш жасаған кезде:

  • көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
  • болжамды отандық немесе шетелдік ғылыми Консультантпен келісілген Жоспарланған диссертациялық зерттеу негіздемесінің электрондық құжаты;
  • білімі туралы электрондық құжат;
  • шет тілінен тест тапсырғаны туралы электрондық сертификат

ағылшын тілі: International English Language Tests System (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем (IELTS (АЙЛТС), шекті балл – кемінде 5,5;

IELTS INDICATOR (АЙТЛС Индикатор), шекті балл – кемінде 5,5;

Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг программ) (TOEFL ITP (ТОЙФЛ АйТиПи), шекті балл – кемінде 460;

Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм) Internet-based Test (Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл – кемінде 46);

Test of English as a Foreign Language Paper-based testing (TOEFL PBT (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер бэйсед тэстинг)) шекті балл – кемінде 453;

Duolingo English Test (Дуолинго Инглиш Тест), шекті балл – кемінде 85;

CEFR (Common European Framework of Reference – СиИэФаР (Коммон Юуропиан Фреймуорк Ов Рефэрэнс), шекті балл – В2,

неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган) (DSH, Niveau В2/В2 деңгейі), TestDaF-Prufung (тестдаф-прюфун) (Niveau В2/В2 деңгейі);

француз тілі: Test de Franзais International™ – Тест де франсэ Интернасиональ (TFI (ТФИ) – оқу және тыңдалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d’Etudes en Langue franзaise – Диплом дэтюд ан Ланг франсэз (DELF (ДЭЛФ), B2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue franзaise – Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз (DALF (ДАЛФ), C1 деңгейі), Test de connaissance du franзais – Тест де коннэссанс дю франсэ (TCF (ТСФ) – кемінде 50 балл).

  • көлемі 3×4 сантиметр сандық фото;
  • № 907 бұйрығымен бекітілген 086-У нысанындағы электрондық форматта медициналық анықтама;
  • еңбек қызметін растайтын электрондық құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
  • соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (ғылыми жарияланымдар, зерттеулер жүргізу жоспары, эссе және басқа құжаттар).

Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер, жоғары білім туралы құжат, медициналық анықтама, интернатураны бітіргені туралы куәлік көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ұсынылады.