ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫ
Республикалық «Ясауи» олимпиадасы
Республикалық «Ясауи» олимпиадасы мектеп бітіруші 11 және 12 сынып оқушыларының арасында өткізіледі. Олимпиаданың басты мақсаты оқушылардың интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін айқындау, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыра отырып дарынды оқушыларды қолдау.
Республикалық «Ясауи» олимпиадасы оқушылардың таңдауы бойынша екі бағытта өтеді:
Бірінші: Пәндік олимпиада (математика, физика, химия, информатика, география, қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы, биология, шет тілі, қазақ тілі, орыс тілі, қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті);
Екінші: Ғылыми жобалар байқауы (математика, физика, химия, информатика, география, қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы, биология, шет тілі, қазақ тілі, орыс тілі, қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті).