Жеңілдіктер

Грант конкурсындағы жеңілдіктер:

  1. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар,
  2. І және ІІ топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар,
  3. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар.
  4. Жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар.

 

Ескерту: Талапкер көрсетілген осы санаттың біріне жататын болса тұпнұсқамен бірге нотариалды бекітілген көшірмесін алып келеді.

 

Конкурс кезiнде балдар тең болған жағдайда басым құқық:

1) «Алтын белгi» белгiсімен марапатталған тұлғалар;

2) колледж бітірген кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар тұлғалар;

3) пәндер бойынша халықаралық, президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған), пәнiне сәйкес келген жағдайда;

4) жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

  • кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, І-ІІ топтардағы мүгедектер;
  • жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар;
  • медициналық қорытындыға сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қарсы айғақтары жоқ бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар;
  • үздік білімі туралы құжаттары (куәліктері, аттестаттары, дипломдары) бар тұлғалар.

      Бұл ретте балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда білім беру гранттары аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балдары жоғары тұлғаларға беріледі.

      Балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, сондай-ақ аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балдары бірдей болғанда бейіндік пән бойынша алған балдары ескеріледі.

     Жоғары білімнің білім беру грантын беру бойынша басым құқық болмағанда, балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балдары жоғары тұлғаларға беріледі.

      Балдардың көрсеткіштері бірдей және басым құқығы болмаған кезде, сондай-ақ аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балы бірдей болғанда бейіндік пәндер бойынша алған балдары ескеріледі.