Түркия гранты

Түркия гранты

Түркия гранты конкурсына Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру саласы бойынша кемінде 65 балл, Педагоикалық білім беру саласы бойынша 70 балл, басқа мамандықтарға 50 және одан жоғары ұпай жинаған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Түркия грантына іріктеу жұмыстары тек шілде айында тапсырған Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша берілген сертификат ұпайына қарай жүргізіледі. Ұпай саны тең болып, басым құқығы болмаған жағдайда, сондай-ақ аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа ұпайы бірдей болғанда бірінші бейіндік пән бойынша алған ұпайы ескеріледі. «Алтын белгі» иегерлері конкурс кезінде ұпайлары бірдей болған кезде ғана ескеріледі.

Түркия грантына қабылданған білімгерлер күндізгі бөлім оқу түріне 1 жыл «Дайындық курсы» оқу шартымен қабылданады.

Республикалық «Ясауи» пәндік олимпиадасы жүлдегерлері, Халықаралық, Республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадасының жүлдегерлері, «Өнер» және «Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау» бағытын бойынша қабылданған спортшылар мен өнерпаздар оқу-жаттығу үдерісінің ерекшелігіне байланысты 1-курс студенті қатарына қабылданады.