Докторанттарды қабылдау ережесінен үзінді және докторанттарға берілетін мүмкіндіктер

Қ.А.Ясауи атында ХҚТУ-ға докторантура бағдарламасы бойынша қабылдау ережесінен үзінді

Докторантураға «магистр» дәрежесі және кемінде 1 жыл еңбек өтілі бар немесе медицина мамандықтары бойынша резидентурада оқу бітірген тұлғалар қабылданады.

Докторантураға 3 шілде мен 3 тамыз аралығында құжат қабылданып, 4-20 тамыз аралығында түсу емтиханы қабылданады.

Докторант түсу емтиханын оқуға түсетін жоғары оқу орнында тапсырады.

Медицина саласы бойынша докторантураға түсуші тұлғалар алдын ала іріктеу емтиханын тапсырады.  Алдын ала іріктеу емтихандары түсу емтихандары басталғанға дейін, күнтізбелік жылғы 1 ақпаннан 31 мамырға дейін жүргізіледі.

Докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін өткізілген алдын ала іріктеудің нәтижелері түсу емтиханын тапсыруға рұқсат беру немесе рұқсат бермеу болып табылады.

Докторантураға түсуші тұлғалар күнтізбелік жылдың 22 мен 28 тамызы аралығында мемлекеттік білім грантына университеттің  қабылдау комиссиясы арқылы немесе www.egov.kz портал арқылы көрсетілген құжаттар топтамасын тапсырады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша докторантурада білім алу үшін түсу емтиханынан кемінде 75 балл жинаған шет тілінен (ағылшы, неміс, француз) халықаралық сертификаты бар тұлғалар конкурстық негізде қабылданады.

Ақылы негізде докторантурада білім алу үшін түсу емтиханының қорытындысы бойынша мүмкін болған 100 балдан кемінде 50 балл жинаған және шет тілінен (ағылшы, неміс, француз) халықаралық сертификаты бар тұлғалар конкурстық негізде қабылданады.

Түркия квотасына түсу емтиханы бойынша шекті балды жинаған және шет тілінен халықаралық сертификаты бар тұлғалар конкурстық негізде қабылданады.

Докторанттары үшін мүмкіндіктер:

  • Түркия Республикасы тарапынан жылсайын докторантура бағдарламалары үшін Түркия Гранты беріледі. Түркия грантында оқитын докторант мемлекеттік грант көлемімен бірдей шәкіртақы (стипендия) алады.
  • Доктораттар үшін негізгі талаптардың бірі шетелдік ғылыми жетекшінің болуы. Университет докторанттарына Түркия Республикасының ең үздік университеттерінің профессорлары ғылыми жетекшілік жасайды.
  • Академиялық ұтқылық бағдарламасымен шетелде 1 немесе 2 семестр білім алу мүмкіндігі.
  • Түркия, Ресей, Еуропа, ТМД ең үздік университеттерімен жасалған келісім-шарты негізінде доктораттар ғылыми зерттеу практикадан өту мүмкіндігі.
  • Қазақстандағы жалғыз Гуманитарлық, Әлеуметтік ғылымдар саласы бойынша SCOPUS базасына тіркелген университетіміздің «Біліг» журанлына докторанттардың мақала шығару мүмкіндігі.
  • ҚР Білім және ғылыми министрлігінің ғылыми басылымдар тізіміне енген университет «Харбаршы» журналына мақала жариялау мүмкіндігі.
  • Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті еліміздегі жалғыз халықаралық мәртебеі бар жоғары оқу орны. Университеттің  жоғары көрсеткіштері үшін ҚР Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың Жарлығымен 2020 жылдың 15 қаңтарында университетімізге ерекше мәртебе берілді.
  • Ерекше мәртебеге ие университетіміз білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес философия докторы (PhD) бойынша докторлық диссертациялық кеңестер ашуға және дәрежелерін тағайындауға,  білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттарды беру мүмкіндігіне ие. Докторанттар үшін университетімізде диссертациялық  кеңестер жұмыс істейді. Медицина, Қоғамдық денсаулық сақтау, Физика, Педагогика және психология салалары бойынша диссертациялық кеңестерде докторанттар диссертациясын қорғайды.