Педагогика, Медицина саласы бойынша Арнаулы емтихан

Арнаулы емтихан тапсыру тәртібі

 «Педагогикалық ғылымдар», «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру салалары бойынша оқуға түсу үшін АРНАУЛЫ емтихан тапсыру міндетті.

Арнаулы емтиханға құжат қабылдау мерзімі 20 маусым 20 тамыз аралығында жүреді.

Мемлекеттік білім грантына қатысу үшін алдымен АРНАУЛЫ емтиханls 13 шілдеге дейін тапсыру керек. Мемлекеттік білім грантына құжат тапсыру 13-20 шілде аралығында egov.kz  порталы арқылы онлайн қабылданады.

«Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласына түсуші талапкер педагогикалық жағдаят бойынша тест түрінде бір арнаулы емтихан тапсырады. Тест тапсыру сілтемесі.

«Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)»  білім беру саласы бойынша талапкер  психометрикалық тест емтиханын тапсырады. Тест тапсыру сілтемесі.

Арнаулы емтихан тапсырған талапкерлер «өтті» немесе «өтпеді» деген нысанда бағаланады.

Арнаулы емтихан онлайн тест түрінде қабылданады. Қосымша мәліметтерді университетіміздің сайтынан (http://ayu.edu.kz/) қосымша таныса аласыз.