2022 жылдан бастан докторантура бағдарламасына түсуші үміткерлерден ҚАЗТЕСТ сертификаттық тестілеуі міндеттелді.
Осыған орай, докторантураға құжат қабылдау мерзімі басталғанға дейін ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша қазақ тілін білу деңгейін растау мақсатында республиканың барлық қалаларында кез келген бес деңгей (А1-С1) бойынша сертификаттық тестілеуден өтеді.
Сондай-ақ, В1 (Орта) деңгейі бойынша сертификаттық тестілеуге қатысуға өтінімді «Болашақ» бағдарламасы, Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлер, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясына түсушілер және басқа да ниет білдірген жеке тұлғалар жібере алады.