1. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті еліміздегі жалғыз халықаралық және ерекше мәртебеге ие, Ұлттық университеттер сияқты жоғары оқу орны. Университеттің жоғары көрсеткіштері үшін ҚР Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың Жарлығымен 2020 жылдың 15 қаңтарында ерекше мәртебе берілді, бұл университетті қаржыландыруды 2-3 есеге арттырды.
  2. Университет Түркия мен Қазақстан үкіметтері тарапынан қаржыландырылатындықтан ең озық материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілген үздік университеттердің бірі болып табылады.
  3. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті түлектерінің дипломдары барлық түркітілдес елдерде еш кедергісіз танылады (нострификацияланады).
  4. Университет инфрақұрылымы: кітапхана, асхана, жатақхана, оқу лабораториялары, заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген. Биыл 1500 орындық 3 заманауи жатақхана салынады, бұл барлық студенттерімізді жатақханамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
  5. Студенттерді әлеуметтік қолдау жүйесі қалыптасқан. Үлгерімі жақсы болған жағдайда ақылы негізде білім алушылар үшін тегін оқуға түрік квотасына ауысу мүмкіндігі бар. Жыл сайын ақылы оқудан түрік квотасына және мемлекеттік грантқа 150 студент ауысады.
  6. Жыл сайын 100-ден астам ақылы негізде оқитын студенттер оқу ақысына жеңілдіктер алады. Тұл жетім, спорт саласы бойынша Әлем, Азия чемпиондары және үлгерімі өте жақсы және жақсы студентерге 100, 75, 50, 25 пайыз оқу ақысынан жеңілдіктер беріледі.
  7. Дайындық бөлімінде түрік квотасы есебінен тегін оқу мүмкіндігі бар. Түркия үкіметі жыл сайын Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде оқимын деген талапкерлерге тегін білім алу үшін 500 грант бөледі.
  8. Университетте студенттік клубтар, үйірмелер, стартап жобалар, спорттық клубтар жұмыс істейді. Студенттер өздерінің бизнес-идеялары мен жобаларын жүзеге асыра алады, шығармашылық қабілетін дамытады. Студенттік клубтар мен стартап жобалар университет тарапынан үлкен көлемде қаржыландырылады.
  9. Біздің студенттер академиялық ұтқырлық шеңберінде Гази, Стамбул университеті, Хаджетепе, Йылдыз Текник және т. б. Түркияның, Еуропаның ең үздік университеттерінде білім алу мүмкіндігіне ие.
  10. Университет жұмыс берушілермен белсенді байланыс орнатып, түлектердің жұмысқа орналасуына қолдау жасайды. Мысалы, университет бойынша өткен жылдың түлектерін жұмысқа орналастырудың орташа көрсеткіші 75%, ал бірқатар мамандықтар бойынша 90-100% – ға жетті. Яғни, университетіміз тәжірибеге бағытталған білім берудің жоғары деңгейі біздің түлектерімізге деген сұраныс қажеттілігін көрсетеді. Үздік түлектер қатарында Нұр-сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльмира Әзімова, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, танымал эстрадалық әнші Алтынай Жорабаева бар.
  11. Университет заманауи ғылыми-инновациялық технологиялармен, оқу лабораториялармен, компьютерлермен, жабдықталған. Бұл білім және ғылыммен айналысуға толық мүмкіндік береді. Әртүрлі бағыттағы магистратура және докторантура бағдарламалары бар. Университетке берілген ерекше мәртебе заманауи деңгейде ғылыми кадрлар даярлауға зор мүмкіндік береді.
  12. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде еліміздегі ең үздік қашықтықтан оқыту КазТЕП жүйесі жұмыс атқарады. Түркияның және Еуропа елдердің қашықтықтан білім беру технологияларындағы озық жетістіктер негізінде жасалған КазТЕП жүйесі сапалы білім беруге мүмкіндік береді.

Бейне ролик
Толығырақ jpg